Бүгін футболдан Қазақстан Суперкубогы өтеді
Бүгін Түркияның Анталия қаласында футболдан Қазақстан Суперкубогы өтеді.
Айтулы бәсекенің басты кубогын ел чемпионы «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» командалары сарапқа салады. Бұған дейін «Тобыл» Еурокубок іріктеу кезеңінде жақсы өнер көрсетсе, «Ордабасы» көп жылдан бері алғаш рет ел чемпионы атанды. Бүгінгі ойын таласқа толы болары анық. Биыл ел жүлдесі үшін матч алғаш рет шетелде өтуде.
Айдын Қожахмет, спорт журналисі:
- Тобылдың бас жаттықтырушысымен негізгі ойыншылары команда құрамында қалды. Бұған дейін мен көрген ойындарға қарап, олардың күшейе түскенін айта аламын. Ал «Ордабасы» өз бабында. Қыста олар бірнеше мықты шетелдік ойыншыларды сатып алды. Енді чемпионатта жақсы ойын көрсетеді деп ойлаймын. Бұл екі бірдей мықты қарсылас арасындағы қызықты әрі тартысты матч болады.