Фристайл-могулдан әлем кубогінде Павел Колмаков күміс алды

Фристайл-могулдан әлем кубогінде Павел Колмаков күміс алды

Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогінде Қазақстан командасының үздігі Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал ақтық сында отандасымыз танымал канадалық спортшы Микаэль Кингсберимен кездескен болатын. Финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, әлемдік доданың күміс жүлдесін иеленді.