Елордада «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті
Елордада «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оған Қазақстанның әр түкпірінен 200-ге жуық бала келген. Іріктеу кезеңдері 1800-ге жуық баланы қамтыған еді. Оның үштен бірі – ерекше қажеттілігі бар өрендер. Фестивалге қатысушылар жеңіл атлетика, бочча және эстафета бойынша өз қарымын сынады.
Елдос Нұрлан, «AMANAT» партиясы саяси менеджмент академиясының директоры:
- Бұл республикамызда бірінші рет өтіп жатқан іс-шара. Осы жылдың 18 аймағында іріктеме ойындары өтті. Астанада қорытынды ойынына қатысып отырмыз. Әркімнің жағдайын дұрыс түсіне білу маңызды. Мұны балаларға ерте жастан сіңіру қажет.
Ерлан Ағыбаев, жаттықтырушы:
- Бұл жарыстың пайдасы өте көп. Бір-бірімен танысады. Өмірге деген көзқарасы бәрі өзгереді. Осындай жарыстардың пайдасы өте көп. Осындай сайыстар көп болса, жақсы негізі.ф