Универсиада: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан қола медаль алды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII Қысқы универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина қола алды.
Самоделкина еркін бағдарлама бойынша 66,43 балл жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Аталған бағдарлама бойынша чемпиондық атаққа жапондық Рион Сумиеси (204,29) ие болса, күміс жүлдеге оның отандасы Монэ Тиба (203,85) қол жеткізді.
Бұл ел құрамасы қоржынына түскен он бірінші медаль.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде үш алтын, төрт күміс, үш қола алды. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салса, биатлоннан 10 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов та жеңіс тұғырына көтерілді.