Талдықорғанда алпыс отбасы баспаналы болды

Республика күнінде Талдықорғандағы 60 отбасы баспаналы болды. 

Бес қабатты тұрғын үйді "Еуротранзит терминал" компаниясы өз қаражатына салып, қалалық әкімдіктің және "Харекет" қайырымдылық қорының үйлестіруімен мұқтаж жандарға тарту етті.

Әлия Тазабекова жеті баланың анасы. Үлкені он сегізде ал, кішкентайы бес айлық. Кенже ұлы Азаматтың дүниеге келуімен шаңырағы шаттықа кенеліп,  «Алтын алқа» иегерлерінің тізіміне енді. Әрі көптен күткен баспанасына қол жеткізді. 

Әлия Тазабекова, қала тұрғыны:

- 20 жыл болды үйленгеніме. Соның екі жылын ауылда тұрдық. Қалған 17 жылын пәтер жалдап тұрдық. Осы күнге жетеміз ба деп ойлаған жоқпыз. Осы күнге жеттік. Аллаға мың да бір шүкір.

Мемлекеттік мерекеде үйлі болғандардың барлығы әлеуметтік санатқа жататын отбасылар. Яғни, асыраушысынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы жанұялар. Қайтарымсыз әрі тегін берілген пәтерлердің иесін «Харекет» қайырымдылық қоры анықтады. 

Мадияр Серікбаев "Харекет" қайырымдылық қорының құрылтайшысы

- 60 отбасыны анықтайтын болғаннан кейін әкімдіктен тізімді алғаннан кейін өзіміз тексереміз. Түнде барып айтпай тексеретін, айтып тексеретін боламыз. Көрші қолаңдардан құжаттарын жинағаннан кейін міндетті түрде жан жақты тағы тексереміз. 

Бұл «Еуротранзит терминал» серіктестігінің Талдықорғанда тұрғызған алғашқы үйі. Нысан кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде бой көтерді.

Сергей Гордиенко, "Eurotranzit Terminal" ЖШС директорының орынбасары:

- Аталған жоба біздің «Еуротранзит терминал» компаниясы мен қалалық әкімдік арасындағы мемарандум аясында іске асты. Бүгінгі күні құрылыс толығымен аяқталды. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін пәтер іші сантехникалық жабдықтармен жабдықталды. Меншік құқығы тіркелгеннен кейін үй иелерінің көшіп келуіне болады.  

Жетісу облысында биыл мың бір жүз отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін 322 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі.    

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов