Атырауда мерекеге орай мемлекеттік ту көтерілді

33 жыл ішінде жеткен жетістік көп.

Мұнай-газ саласы қарқынды дамып, ел экономикасы қарыштады. Шекара шегенделіп, мемлекеттік рәміздер қабылданды. Айтулы мереке орай Атырауда мемлекеттік Ту көтерілді.

Осыдан 33 жыл бұрын Егемендік туралы декларация қабылданып, Тәуелсіздікке жол ашылды. Содан бері еліміз жаңа белестерге ұмтылып келеді. Мұнай өндіру көлемі артып, қазақтың қара алтыны әлемге танылды. Жаңа зауыттар бой көтеріп, жұмыс орындары құрылды. 

Серік Шәпкенов, облыс әкімі:

- Міне бүгін ұлттық мереке күнінде, еркше күнінде, біз осылай көк туымызды көтереміз. Оның басты себебі, жастарды бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. «Елім», «жерім» дейтіндей намысын қайрау.

Былтыр аймақта 815 млрд теңгеден астатын 3 жоба іске қосылды. Соның нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік туды. Мұнай өнеркәсібінің өркендеуі ел дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Айбар Ерекешов, облыстық мәслихат депутаты:

- Бәріңізді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін міне алаңымызда мемлекеттік рәмізімізді көтеру салтанатын өткізіп, халқымыздың алдында мерекелік шараны өткізіп жатқан жағдайымыз бар. Облыстық мәслихат депутаттары мен халықтың арасында тығыз байланыс күшейді. Атырау облысында осы жылы екі ауданның әкімі халықтың қалауымен, халықтың таңдауымен сайланады. 

Ту көтеру салтанатты рәсіміне өңірдің зиялы қауымы, түрлі сала ардагердері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастырып, патриоттық сезімін оятуға арналған іс-шара өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов