Көкшетауда аймақтың дамуына үлес қосқандар марапатталды

Көкшетауда Республика күніне орай аймақтың дамуына үлес қосқан ақмолалықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, сондай-ақ спортшылар мен еңбек ардагерлері бар.

Салтанатты жиында 50-ден астам ақмолалық түрлі марапатқа ие болды. Еңбегі еленгендердің бірі кәсіпкер Сара Матайбаева. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын Қосшы қаласында өз қаражатына мектеп ашқан. Қазір оқу ошағында 700-ден астам оқушы тегін білім алып жатыр.

Сара Матайбаева, кәсіпкер:

- Бұл мереке біз үшін үлкен мереке. Бүгінгі марапат мен үшін үлкен сенім және мотивация береді деп ойлаймын. Келешекте де ерінбей еңбек етіп, адал еңбекпен халыққа қызмет етіп, қоғамға пайдам тиеді деген ойым бар.
Қазір облыс түрлі салада республика бойынша көш бастап келеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен өндірістік өнеркәсіп бағытында жетістік көп.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Өндеу саласын жедел дамытауға баса мән беруіміз қажет. Бұл ретте металлдың терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверциялау және байыту, автобөлшектерді, тыңайтқыштарға айырқша назар аударған жөн. Басқаша айтқанда, жоғары деңдейде өңделген өнім шығаратын класстер құру өте қажет.

Осылайша ұлттық мейрамға арналған шаралар легі салтанатты жиынмен қорытындыланды. Амйақта Республика күніне орай 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Абзал Балтабаев, Виктор Полянный