Атырауда «Тұғыры биік Қазақстан» салтанатты шарасы ұйымдастырылды
Ұлттық мерекеде «Тұғыры биік Қазақстан» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Жиынға қатысқан өңір басшысы атыраулықтарды Республика күнімен құттықтап, бір топ азаматқа орден-медальдар мен мемлекет басшысының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Ұлттық мереке күні марапатқа ие болғандардың қатарында негізінен еңбек адамдары болды. Ұстаздар, теміржолшылар денсаулық сақтау саласының үздіктері мен бір топ өнер қайраткерінің мерейі өсті. Солардың бірі - саналы өмірінің 45 жылын өнерге арнаған белгілі әнші-режиссер Ақмарал Мәшімова.
Ақмарал Мәшімова, Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияның бас режиссері:
- Өнерге 15 жасымда келдім. Еңбегім еленіп жатыр, қуаныштымын өте. Еліміздің ең әдемі, ең дұрыс мерекесі деп өзім солай ойлаймын. Сондықтан еліміздің тыныштығын тілеймін. Халқымыздың бірлігін тілеймін. Басымыз аман болсын. Тек біздің Қазақстан көркейе берсін деймін.
Мемлекет басшысының марапатын табыстаған өңір басшысы Серік Шәпкенов, мұнайлы өңірде атқарылып жатқан игі істерге тоқталды. Ел аумағында өндірілетін көмірсутегі шикізатының 65 пайызы шоғырланған өлкенің ортақ қазынаға қосып келе жатқан үлесі қомақты. Биыл өңірдегі өнеркәсiп өнiмiнің көлемi 5,8%-ға өсіп, 4,6 трлн теңгеге жетті. Оның 4,3 трлн теңгесі тау-кен өнеркәсiбiне тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібінің өнімі 290,5 млрд теңгеге өсті.
Серік Шәпкенов, облыс әкімі:
- Жаңа қоғамды қалдыптастыру үшін демократиялық үрдістерді дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген шаралар іске асуда. Президентіміз айтқандай: «Тәуелсіздіктен қымбат нәрсе жоқ!». Еліміздің ертеңі ол біздің атқаратын істерімізге байланысты Атыраудағы Республика күні мерекесіне арналған салтанатты шара өнер ұжымдарының концертімен түйінделді.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин