KEGOC акциялары тағы 2 күн қолжетімді
KEGOC акциялары саудасының аяқталуына 2 күн қалды.
Жалпы осы жолы компания 15 млн аса құнды қағазын саудаға шығарды. Сатып алушыларға таза пайданың 60%-і көлемінде жылына 2 рет дивидент төленеді.
Кез келген азамат KEGOC үлескері атана алады. Ол үшін бар болғаны 1482 теңгеге компанияның акциясын сатып алса жеткілікті. Осы жолы KEGOC 15 милионнан аса құнды қағазын саудаға шығарды. Олар банктер мен брокерлер, Tabys қосымшалары және «Қазпошта» бөлімшелерінде қолжетімді.
Айгүл Әкімбаева, KEGOC АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры:
- 2 күн қалды өтінім қабылдануына. 2 қарашада сағат 18:00-де өтінім қабылдауды тоқтатамыз. Дивиденттік кіріс 10%-тей болады, бағаның көтерілуі 20-25% болады, сонда біздің жаңа инвесторлар 1482 теңгемен біздің акцияларымызды сатып алса, 1 жылдың ішінде 30-35% таза кіріс көреді деп ойлаймыз.
KEGOC жылына 2 мәрте дивидент төлейді. Бұл – болашақ инвестор үшін маңызды фактор. Компанияның 9 жыл ішінде төленген дивидендтердің сомасы 218 миллиард теңгені құрады. Бұдан бөлек, нарықтағы акцияларының құны да 3 есе өскендігі байқалады.
Салтанат Сәтжан, «Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры:
- Мысалы, мұнай-газ компаниялары немесе уран өндіретін компаниялар. Олар мұнайдың немесе уранның бағасы қарай құбылады. Ол циклды. KEGOC дегеніміз ол тұрақты. Себебі біз электр энергиясын күнде пайдаланамыз. Жарық күнде бар, иә, сондықтан да ол энергияны тасымалдау керек. Ол энергияны кім тасымалдайды? KEGOC.
Ал SPO-дан түскен қаржы оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтауға және облыстар арасындағы электр байланысын күшейтуге мүмкіндік беретін инвестициялық жобаға жұмсалатын болады.
Авторы: Назерке Тоқжан.