Оралда депутат Абзал Құспан ішкі істер органдары қызметкерлерімен кездесті

Оралда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан прокуратура, сот және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.

Президент былтырғы Жолдауында қылмыстық және қылмыстық-процестік Кодекстерді оңтайландыруды жүктеген. Әзірленген Заң жобасына қатысты батысқазақстандық мамандар да өз 2015 жылдан бері елімізде Қылмыстық және қылмыстық-процестік Кодекстерге 1200-ден астам өзгеріс енгізіліпті. Мемлекет басшысы заңнамаларды түзете бермеу керектігін ескертіп, құжаттарды мұқият саралау арқылы түпкілікті нұсқасын дайындауды тапсырған. Жаңа Заң жобасында бірқатар оң өзгеріс бар, дейді депутат. Соның ішінде адвокатураның рөлін арттыруға басымдық берілген. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Адвокатураның ролін күшейту дегеніміз – адвокаттарға бір артық өкілеттік беріп қоюмен шектелмейді. Ол бірінші кезекте қарапайым азаматтарымыздың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қылмыстық-процестік Кодекске 666 өзгеріс енгізілгелі отыр. Қылмыстық Кодекске 500-ден астам өзгеріс енгізілгелі тұр.

Жиында жергілікті мамандар ұсыныстарын жеткізді. Мысалы, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері түзеу мекемелеріне камералар қою және бейнетаспаларды сақтауға қатысты заң талаптарын күшейтуді сұрады. 

Ернат Мақсотов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Бейнекамераларды сотталған тұлғалардың сындыру мәселелері, оларға қылмыстық жауапкершілігі, әкімшілік жауапкершілігі қалай қозғалатындығы жөнінде кеңінен сұрақтар қойылған болатын. Сонымен қатар облыстық экономикалық тергеу департаментінің тергеу басқармасының басшылары да қылмыстық жауапкершілікті одан сайын заң аясында жауап беру мүмкіншілігін қарастыруды депутатқа ұсынған болатын. 

Депутат бұл ұсыныстар ескерілетінін айтты. Президент пәрменіне сәйкес, бастысы, уақытша жағдайларға немесе аясы тар корпоративті мүдделерге бола өзгеріс енгізілмеуі тиіс.

Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов ұсынысын білдірді.