Түркістанда дәстүрлі Президент шыршасы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ұйымдастырылған
Жаңа жылдық кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балаларға құтты болсын айтты.
Шырша тойына тұрмысы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Одан бөлек, оқу озаттары, спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен 200 бүлдіршін шақырылды. Қатысушылардың жасы 9 бен 13 аралығын қамтыды. Балалармен бірге шырша шамын жаққан облыс әкімі Дархан Сатыбалды: «Жаңа жыл ғажайып мереке. Біз үлкен болсақ та ғажайыпқа сенеміз. Еңбек пен бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік кез келген армандарыңды орындауға септігін тигізеді», - деді.
Дархан Сатыбалды, облыс әкімі:
- Біздің елімізді басқаратын болашағымыз болғаннан кейін сіздерге барлық жағдайды жасауға біз тырысамыз. Кішкентай бала болсын үлкен арманы болады, сол армандарыңыздың бәрі орындала берсін. Мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Еш нәрседен таймаңыздар. Елімізге қызмет ететін азаматтар сіздер. Сондықтан келе жатқан мерекеміз құтты болсын.
Мерекелік шара аясында ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар ұйымдастырылды. Онимациялық фильм кейіпкерлері шырша тойының шырайын кіргізіп, балаларға қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндер қоян жылын шығарып, салып, жаңа ұлу жылын қарсы алды. Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерінен көрсетіп, сыйлық алды.
Нұрзат Бозмұхамед, оқушы:
Ақшақардай сақалы,
Көптен күткен, сағынып.
Көрдік Аяз атаны.
Би де үйрендік көрсін деп,
Аяз ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Жанар Әбдіүмітәлі, оқушы:
- Жаңа жыл құтты болсын. 2024 жыл елімізге құт-береке алып келсін. Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Шара соңында балалардың барлығына Президенттің атынан жүз мың теңгенің сертификаты, түрлі тәттілер мен ойыншықтар және ертегі кітаптары табыс етілді.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш