Атырау облысының оқушылары келе жатқан жаңа жылды сән-салтанатпен қарсы алды
Атырау облысының оқушылары келе жатқан Ұлу жылын сән-салтанатпен қарсы алды.
Жеті аудан мен қала мектептерінен 300 бала жасыл шырша жанында бас қосты. Президент шыршасында оларға арналған түрлі-түсті шоу-қойылымдар, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Жаңа жыл жастың да, жасамыстың да жанына жылы шуақ құятын, ертеңгі күнге деген үмітті оятып, арман-тілектер орындалатын ғажайып мереке. Атырауда ұйымдастырылған Президент шыршасына қатысқандар осындай ерекше сезімнің жетегінде болды. Қоян жылымен қоштасып, Ұлу жылына аяқ басқалы отырған әрбір бала салтанатты шараға зор дайындықпен келді.
Іңкәр Файзолла, оқушы:
Айналамда ұшып жүр.
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек!
Үстіме жалп-жалп жауады.
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей!
Әсел Аманғали, интернат тәрбиеленушісі:
- Мен номері 4 мектеп-интернаттан келіп тұрмын. Осы шараны жасағандарға көп рахмет айтамын. Өйтені оған жете алмай жүргенджер де бар. Мен өскенде адвокат болғым келеді. Өйткені, жақсылық жасаған адамдар көп, соларды қорғағым келеді.
Биылғы Президент шыршасына облыстың барлық ауданы мен қала мектептерінен үздік оқушылар келді. Ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, Аяз атадан сыйлықтар алды. 300 оқушы бар өнерін ортаға салып, ғажайып шараның шырайын келтірді.
Ерлан Талғатбекұлы, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Оның ішінде 154 ауылдар мен аудандар қатысқан болатын. Жалпы шырша тойы жоғарғы деңгейде өтті, бүгінгі қатысқан балалар: бізде белгілі бір категория бар, өнерлі балалар, жетім балалар, олимпиадалардан жоғарғы деңгейде орын алған оқушыларымыз бар. Солардың барлығы қатысып отыр. Жалпы 9-11 жас аралығындағы балалар.
Жаңа жылға жақсы тілек арнаған оқушылар ертеңгі күнге деген ерекше сеніммен тарқасты. 29 желтоқсанда Астанадағы мемлекет басшысы қатысатын жаңа жылдық шараға Атыраудан 5 бала аттанады.
Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов