Жетісу облысында балалар Президент шыршасына қатысты

Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысындағы екі жүз бала ертегілер әлеміне саяхат жасап қайтты.

Оқуда озат, спортта жетістікке жеткен және әлеуметтік санатқа жататын жеткіншектер үшін Талдықорғанда «Президент шыршасы» ұйымдастырылды. Қуаныш пен шаттыққа бөленген балаларға тарту-таралғылар табысталды.

Жетісу өңірінің әр аймағынан келген балалар жаңа жылдың басты нышанын  бірге жақты. Шырша тойына жиналған жеткіншектерді мемлекет басшысының атынан облыс әкімі құттықтады. 

Бейбіт Исабаев, облыс әкімі:

- Құрметті балалар сендер тәуелсіз елдің бақытты ұрпағысыңдар, ата-аналарың мен ұстаздарыңды қуантып, зерделі де зерек білімді ақылды еліміздің мақсататын үлкен азаматы болып өсіңіздер. Жаңа жылда барлық арман тілектерің орындалып, жаңа жетістіктерге жете беріңдер. 

Мерекелік шараға шақырту алған балалардың бірі Фатима Әкім. Қалалық №4 мектептің оқушысы өнер байқауларына белсене қатысады. Мерекелік кеште ол Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып берді. 

Фатима Әкім, оқушы:

- Осы шырша қатты ұнап жатыр. Мен келесі жылы да сабағымды жақсы оқып, астанадағы президенттік елкаға барғым келеді. 

Ертегі кейіпкерлері мен театр актерларының қойылымы балаларға көтеріңкі  көңіл күй сылады. Ал цирк әртістерінің өнері таңдай қақтырып, таң тамаша етті. Шаттыққа кенелген жеткіншектерге тосын сый ретінде тәтті тағамдар берілді. Президенттің құттықтау хаты және «Қазақ ертегілері» кітабы сыйланды. 

Жансая Бақытжан, оқушы:

- Мен бірінші рет қатысып жатырмын. Бірақ маған өте қатты ұнады. 

Аруна Әділбек, оқушы:

- Өте үлкенідігі ұнады. Көптеген кейіпкерлер болды. ән айтты би биледі. 

Жамал Баймәдиева, Құрмет орденінің иегері:

- Балалар неғұрлым жақсылық көрсе ол жақсылыққа ұмтылады. Неғұрлым жақсы сөздер естісе оны өздері де айтқысы келеді. Мен ойлаймын тамаша балалар үшін ертегі сабағы болды деймін. Тамаша көңіл күй сыйлады.

Балалар Аяз ата Ақшақармен бірге қоян жылын шығарып салып, ұлу жылын қарсы алды. Періште пейілді бүлдіршіндердің келер жылдан күтер үміті көп. 

БЛИЦ:

- Жаңа жыл құтты болсын. Ауырмаңыздар бәрің.

- Достарыңыз көп болсын, жастарыңыз ұзақ болсын.

- Балалық шақ тілеймін.

- Бала шағаларыңыз аман әрбір отбасында бақыт болсын. 

Жасөспірімдер Талдықорған қаласынің көрікті ғимараттарын аралап, естен кетпес ерекше әсер алды.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов