Қызылордада дәстүрлі Президент шыршасы өтті

Қызылордада Президент шыршасына 200 бала қатысты. 

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Жасыл шырша жанында ән салып, би билеген өрендер ертегі кейіпкерлерімен бірге сиқырлы әлемге саяхат жасады.

Балалардың дәстүрлі шырша тойын асыға күткені байқалады. Жүздері бал-бұл жайнап, ерекше әрленген. «Бұл салтанатты шара – Президентіміздің өздеріңдей өскелең ұрпаққа көрсеткен құрметі», - деді облыс әкімі. 

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- 102 сырбойылық өрен халықаралық, республикалық дәрежедегі ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жеңмпазы атанды. Облыстың пәндік олимпиадалық командасы екінші орынды, қоғамдық-гуманитарлық бағытта үшінші орынды иеленді. 

Аяз ата мен Ақшақар мерекелік шараның сәнен кіргізді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге ойын ойнап, театрландырылған қойылым тамашалады.

БЛИЦ:

- Жаңадан достар тауып жатырмын. Ежелгі ертегі елінде жүргендей сезімдемін.

- Ғажайып, қиялдарға қол создыратын сүйікті мерекеміз – жаңа 2024 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс тілеймін. 

Мерекелік іс-шараның қонақтарына естелік сыйлықтар табысталды.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев