Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді
Қазақстанда шенеуніктер санын қысқарту арқылы қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлімдеді.
«Мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеуге көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және қысқарту қажет екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлерді қысқарту мерзімін тездетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10 процент қысқарту қажет. Ал келесі жылы тағы 15 процент. Осылайша, шенеуніктер санын 25 процент қысқарту арқылы 2021 жылы нәтижеге байланысты үнемделген қаржыға қалған қызметкерлердің жалақысы көбейтіледі», - деді Мемлекет басшысы.
Өзге тақырыптар бойынша:
Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.
Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.
Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.
Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.