Мұғалімдер жалақысы 25 процентке өседі
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты.
– Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Сол себепті 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке өседі. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Осы мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді, – деді Президент.
Қазақстан Президентінің жолдауы
Өзге тақырыптар бойынша:
Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылады.
Президент Қазақстанда мемлекеттік аппарат қысқартылатынын айтты.
Сондай-ақ келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі.
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді.
Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.