Президенттің туыстарына басшылық қызметте болуға тыйым салынады  

Kursiv.kz

Сондай-ақ әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарады. Олардың бесеуі Қазақстан халқы ассамблеясынан ұсынылады. Бұдан бөлек Президенттің өкілеттігі кезеңінде партияға мүшелігін тоқтатуды ұсынды. «Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді», – деді Тоқаев. Ал президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы басшылық қызмет атқаруға заңды түрде тыйым салынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасын алып тастаймыз. Бұл менің ойымша, саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, Мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.