Қ.Тоқаев: Содырлар мен лаңкестер жазаланады
Біз мызғымас бірліктің арқасында бірлігімізді қорғап қалдық. Президент қаралы қаңтар оқиғасына қатысты осылай айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінгі Жолдауды Мемлекет басшысы осы қайғылы оқиғада қара жамылған отбасыларға көңіл айтудан бастады. «Барлық содырлар мен ланкестер жауапқа тартылады Қаңтар оқиғасына қатысты түрлі қауесет тарауда. Сондықтан өткен оқиғалар туралы нақты ақпарат жарияланады», – деді ол. Президент құқық қорғау органдарына тергеу нәтижелерін жариялап отыруды тапсырды. 2 мыңдай адам қамауға алынды. Олардың бүлікке қатысы бар-жоғы анықталып, тергеу жүргізілді. Сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғандарға қысым көрсетілген жағдайлар да расталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Іштен шыққан жау жаман. Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.