Президент жаңа саяси реформа ұсынды
Қазақстан енді президенттік жүйеден мықты парламенттік жүйеге көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мемлекетімізге ауқымды реформа керек. Осылай деген Президент биылғы Жолдауына «Саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасын» ұсынды. Оған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясының төрағалығынан кетеді. Жалпы мемлекет басшысының қандай да бір партияға жетекшілік ету заң жүзінде тыйым салынады. Осылайша барлық партияның дамуына ықпал жасалады. Президенттің жақын туыстары да мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды басқаруына рұқсат жоқ. Бұл тыйым да Конституцияда көрініс табуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Реформа жасап жатырмыз деген атау үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екі талай күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.