Қапшағайға Д.Қонаевтың есімін беру жайында ел не дейді?

Жаңа облыстар туралы айтқан соң, Президент Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін берудің орайы келіп тұр деді. Егер қоғам бұл ұсынысты қолдаса, мен бұған қуана келісемін деді Президент. Қапшағайдағы халықтың пікірін тыңдап көрейік.

БЛИЦ:

- Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың есімін беру ұсынысы – бұл құптарлық іс. Көзінің тірісінде Қазақстанның тамырына қан жүгірткен тұлғамыз ғой.

- Бұрыннан келе жатқан әңгіме еді.

- Осы Қапшағай қаласында 15 жылдан артық тұрамыз. Қапшағай атауын Қонаевқа ауыстыруды қолдаймыз, ол кісінің еңбегі көп.

- Жақсы деп ойлаймын, өйткені Қонаев атамыз кезінде осы Қапшағайда қаншама жыл тұрды, өзі көтерді.

- Қуаныштымыз, естіп жатырмыз. Ол кісінің елімізге жасаған еңбегі көп. Әсіресе біздің қазақ жұртшылығына еңбегі сіңген адам ғой, өте қуаныштымыз.

- Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атын беру ұсынысын қолдаймыз. Қонаев атамыздың еңбегі сіңген бұл жерге.

- Ақжолтай хабарды естігенімде көзімнен жас шығып кетті. Өйткені бұл өте қуанышты хабар болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған нүкте қойды.

- Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атын беру үшін ұсыныстар жасағанбыз. Бүгін халық қуанып жатыр.

- Қонаев атамыздың атын беруге лайықты қала. Біз Қапшағай жастары болып қолдаймыз.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.