AMANAT партиясы Президент жолдауын қолдау мақсатында митинг өткізді

Бүгін AMANAT партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған бейбіт митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өткен шеруге барлық саланың өкілдері қатысты. Олардың ішінде партия және қоғам белсенділерінен бөлек, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер, жастар мен қала тұрғындары бар.

AMANAT партиясы Мемлекет басшысының жолдауында айтылған саяси реформаларды қолдауға дайынбыз дейді. Олар митингке саяси жүйені жаңғырту бағдарламасын жақтайтындығын айту үшін шыққан. 

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Біз аз күнде Мәжілісте заң қабылдаймыз. Сол заңға 30-дан аса нормалар енеді. Конституция өзіне де бірнеше өзгерістер енгізіледі. Мемлекет басшысы өзі айтқандай, AMANAT партиясының басшылығына төрағалығанан кету туралы айтты. Бірақ ол кісі өзінің қызметін мемлекеттік басшы қызметін атқарып тұрған кезеңде төрағалықтан кеткенімен, парияның құрамынан кетпейді. Сондықтан бұл AMANAT партиясының мойнындағы үлкен жауапкершілік.

Митингте депутаттар, қоғам белсенділері, жастар мен кәсіпкерлер де сөз алды. AMANAT партиясының жақтастарының пікірінше, жаңа саяси реформа әрбір қазақстандықтың жетістікке жетуіне жол ашады.

Асхат Оралов, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

- Біздің бағытымыз айқын. Мақсатымыз ортақ. Президент нақты тапсырмалар берді. Біз көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп, жұмыстарды істеуге шақырамыз. Басқа партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін аянбай еңбек етеміз, достар. Абай атамыздың керемет аманат сөзі бар. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан да күшіміз бірлікте екенін көрсетіп, жаңа Қазақстанды бірге құрайық, ағайын. Біз біргеміз.

Партия белсенділерінің айтуынша, олар алдағы уақытта жаңа серпінмен жұмыс істемек. 23 жылда бірталай тәжірибе жипап үлгердік. Біз ең алдымен адами капиталды мақтан тұтамыздейді. Бүгінде партияның  800 мыңға жуық мүшесі бар. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов