Елімізде ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады

Ең төменгі жалақы көлемі 70 мың теңгеге өседі. Бұл 2 миллионға жуық азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.

Яғни айлық табысы артады. Жалпы енді мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізіп, оның мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтады. Сондай-ақ зейнетақы жүйесі де қайта қаралады. Тиіснше қарттардың да кірісі артпақ. Ал ол үшін зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеленеді. Тіпті бұған жеке компаниялар тартылуы мүмкін.

ЦИТАТА:

«2025 жылға қарай зейнетақы көлемін 27%-ға арттыруға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі».