АӨК: Ұзақ мерзімді субсидиялау
Қазір бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Сол себепті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосымша құнын арттыру қажет.
Бұл стратегиялық міндет жайлы Президент биылғы Жолдауында сөз етті. Осы себепті Үкіметке агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Ал бюджет қаражаты ақталуы тиіс. Игерілмей жатқан жерлер де мемлекетке қайтарылады. Президент заңсыз берілген не бос жатқан жер көлемі 10 млн гектарға жуықтайтынын айтты. Оның 3 млн гектары қайтарылды. Комиссия жыл соңына дейін тағы 5 млн-дайын мемлекет меншігіне алып беруі керек. Ал Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың аяғына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауы тиіс.