Қаңтар оқиғасына қатысқандарға амнистия жасалады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасында аса ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға рақымшылық жасалатыны туралы айтты. Яғни олардың жазасы жеңілдейді. Президент: "Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс", - деді.
ЦИТАТА:
Қасіретті қаңтар оқиғасы тәртіп сақшылары үшін нағыз сынақ болды. Ол кезде арандатушылардың кесірінен шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оның ақыры билікке қарсы «бунт» шығаруға әкеп соқты. Жұртты арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құттылып кетті. Шын мәнінде олардың кінәсі әлдеқайда ауыр. Өйткені жағдайды қасақана ушықтырды. Соның салдарынан іс насырға шауып, қайғылы оқиғалар болды.
Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл орынды ұсыныс. Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын.