Су тапшылығы Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Жолдауда тіршілік көзінің түйіткіліне тоқталған Президент сырттан келетін судың азайып бара жатқанын мәлімдеді.
Тиісінше бұл ел экономикасын тұрақты дамытуға кедергі болып отыр. Оның үстіне тамшыдай судың өзін тиімді пайдалана алмай отырмыз. Мемлекет басшысы судың 40 проценті құмға сіңіп кететінін айтты. Инфрақұрылым да әбден тозған. Сондай-ақ автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Бұған тосқауыл қоюға қол ұшын созатын мамандар да жоқ.
ЦИТАТА:
«Су тапшылығы мәселелеріН шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек».