Мемлекеттік сатып алу бірыңғай жүйеге көшеді
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу бірыңғай жүйеге көшеді.
Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау бағытында елімізде арнайы ережелер бекітіледі. Мұндай тәсіл 2024 жылдан бастап толық енгізіледі. Енді бұдан былай мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіп иелеріне баса мән береді. Ол үшін үкіметтен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе жасақталады. Еңбек ақы қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға нақты қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлдем жаңа жүйесі жасалады.
Цитата:
«Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу қажет. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуы тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет».