Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту саясаты өзгереді
Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту саясаты өзгереді.
"Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болу қажет" деді Президент. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр. Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Осы орайда мемлекет басшысы, өз міндетін адал орындайтын кәсіпорындарға жер телімін жекеменшікке беруді ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
"Маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ жер телімдерін беруге болады. Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жекеменшікке беру мәселесін шешу керек".