Мемлекет экономикаға араласудан алшақ болады
«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады». Президент жанындағы амбудсмен тағайындалады. Жыл сайынғы жолдауын мемлекет басшысы осындай сөздерден бастады. Президенттің айтуынша, біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады. Жаңа экономикалық бағыттың басымдықтары: жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан алшақтау.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
ЦИТАТА:
Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине мұның барлығы күрделі мәселелер. Бірақ оны шешудің нақты жолдары бар.