Бюджет саласына реформа жасалады
Елдегі бюджет саласына да реформа жасалады. Енді қаржыны қажетсіз жұмсап, аста-төк жобаларға қаражат құю тоқтатылады.
Тіпті ұлттық қордың қаржысына да қадағалау күшейеді. Бұдан былай ондағы қаражат тек аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және маңызды жобаларды қаржыландыруға ғана жұмсалады. Сонымен қатар, салық түсімін өңірлердің өзіне үлестіру жұмыстары жалғасады. Және қаражаттың қайда кететінін тұрғындардың өзі айқындауы үшін жаңа бюжет кодексі қосылады. Мемлекеттік органдар игеріп үлгермеген қаражатты келесі жылы қайта өздерінің қорына қалдыра алады.
ЦИТАТА:
Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады.