Бала күтіміне жәрдемақы төлеу мерзімі ұзартылады
Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының тең жартысы балалардың жеке есеп-шотына аударылады. Ал бала күтіміне байланысты жәрдемақы сәби 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді. Балабақша тәрбишілерінің жалақысын артып, әлеуметтік жағдайы жақсарады. Төменгі жалақы мөлшері арта түседі. Шалғай елді мекен тұрғындары сапалы медициналық көмекке қол жеткізеді. Білім гранттары көбейеді. Әйелдердің зейнет жасы төмендейді. Президент халыққа арнаған бүгінгі жолдауында көтерілген басты міндеттер осылар.
Жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі. Жуырда ғана рефрендум кезінде Конституциядағы осы қағидатқа халық дауыс берді. Жағымды өзгерісті жақсылыққа балады. Бүгін көзделген меженің қағаз жүзінде қалмайтынына көз жеткіздік. Енді бай мемлекеттердегідей біздің балалардың да жеке есепшотына мемлекет қаржы аударады. Жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысы осы мақсатқа бағытталады. Жоба 2024 жылдан бастап іске асады. Жиналған қаражатты азаматтар кәмелеттік жасқа толғанда білім алуға немесе баспаналы болуға жұмсауға мүмкіндік бар. Сүйінші хабар мұнымен бітпейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Баланың күтіміне байланысты төлемнің мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жарым жасқа дейін арттырамыз. Ата-аналар ең маңызды сәби кезеңінде балаларымен ұзағырақ болады.
Ал әйелдердің зейнет жасы 61-ге дейін төмендейді. Бұл қағида 2028 жылдан бастап іске асады. 2027 жылы зейнетақы көлемі 27 процентке артады. Ең төменгі жалақы мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл 1 млн 800 мың тұрғынның табысы арта түседі деген сөз.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Президент 3 аусымды оқыту жүйесі мен апатты жағдайдағы мектеп мәселесін де тілге тиек етті. Айтып қана қоймай, шешімін де ұсынды. Енді жемқорлар жымқырған қаражат білім ошағын салуға жұмсалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Алдағы 2 жылда 650 шалғай елді мекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер ашылады. Осылайша миллионнан астам азамат алғашқы медициналық көмекке қол жеткізеді. Ал Ұлттық жоба аясында 32 жергілікті аурухана ауданаралық көпсалалы мекеме болып қайта құрылады. Онда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері ашылады. Нәтижесінде 4 миллионнан астам азамат заманиу медицинаның игілігін көреді. Дегенмен салада қордаланған мәселелер шаш етектен. Президент кемшілікті жасырмай, ашып айтты. Салаға қаражат жетіспейді. Салдарынан халық медициналық көмектен қағылып отыр. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі болғанымен, тиімділігі төмен.
Цитата: «Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн».
2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның аясында қымбат жылжымайтын мүлік пен көлік алған бай-бағландар салықты көптеп төлейді. Қарапайым халыққа мұнын қатысы жоқ. Керісінше, бөлшек сауда салығының мөлшерлемесі азая түспек. Бірақ заңсыз көлік жеткізушілерге тосқауыл қойылады. Осы күнге дейін елге әкелінген темір тұпарларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңге утиль алымын төлесеңіз жеткілікті. Жолдардың сапасы да Мемлекет басшысының жіті бақылауында.
Цитата:
Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс".
Үкіметке жүктелген тағы бір міндет бос жатқан жерлерді кәдеге жарату мәселесі. Қазір 10 млн гектар жер заңсыз берілген не игерусіз қалған. 3 млн гектарға жуық алқап мемлкетке кері қайтарылды. Жыл соңына дейін тағы 5 млн гектардың мәселесі шешілуі тиіс. ауыл шаруашлығында қордаланған тағы бір түйткіл су тапшылығы. Президент шаруалардың жанайқайын ескерусіз қалдырмады. Тамшыдай судың өзін тиімді пайдалана алмай келеміз. 40 проценті құмға сіңіп далаға кетуде. Құбырлардың әбден тозығы жеткен. Цифрландыру деңгейі төмен. Білікті сала мамандары тапшы. Тоқаевтың айтқанына түйгеніміз осы.
ЦИТАТА:
Су тапшылығы мәселелеріН шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек».
Мемлекет басшысы Үкімет жұмысындағы кемшіліктерді де жасырмады. Бірде жанар-жағармай, енді бірде қант тапшы. Бұл жұрттың шамына тиді -деді Президент. Егер бұлай жалғаса берсе онда тағы да кадрлық шешім қабылдауға тура келетінін кесіп айтты.