Отандық бизнесті қолдауға несие ресурстары жеткіліксіз
Бүгінгі күнге дейін еліміздің шағын және орта кәсіпкерлік саласы 42 миллиард доллар көлемінде қаржыландыруды талап етеді.
Мемлекет басшысы Жолдауда Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бұл секторды тұрақты әрі қолжетімді несиелендіру жолдарын жасауды тапсырды. Сонымен қатар елімізде кәсіпкерлерге жер телімін бөлудің жаңа тәсілдері жасалады.
Цитата:
Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық.