Қаңтар оқиғасы: рақымшылық жасалады
Қаңтар қырғыны кезінде аса ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасы жеңілдейді.
Оларға бір реттік рақымшылық жасалады. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Сондықтан оларға кешіріммен қараған дұрыс" - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қасіретті қаңтар оқиғасы тәртіп сақшылары үшін нағыз сынақ болды. Ол кезде арандатушылардың кесірінен шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оның ақыры билікке қарсы «бунт» шығаруға әкеп соқты. Жұртты арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құттылып кетті. Шын мәнінде олардың кінәсі әлдеқайда ауыр. Өйткені, жағдайды қасақана ушықтырды. Соның салдарынан іс насырға шауып, қайғылы оқиғалар болды.
Алайда елді дүрліктіріп жаппай тәртіпсіздікке үндеген арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құтылып кеткен. Құқық қорғаушылар мен адвокаттар қауымдастығы Президенттің атына бірнеше рет өтініш жолдап, қатаң жауапқа тартуды сұрапты. Мемлекет басшысы ұсыныстың орынды екенін айта келе, өкілетті органдарға нақты шара қабылдауды тапсырды.