«Amanat» партиясы Жолдауды қолдайды
Аманат партиясы Президент Жолдауын қолдайтынын мәлімдеді.
Бүгін саяси ұйым төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен жиын өткізіп, ауыл-аймақтарда Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру үшін барлық ресурстарды жұмылдыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына жауап берді. Осы ретте партия басшысы қоғамды әділетті, Жаңа Қазақстанды құру ісінде Президенттің маңайына топтасуға шақырды. Сондай-ақ «Аманат» мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруда барынша ат салысатындығына да атап өтті.
Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:
- Биылғы Жолдау 2022 жылы күзде және келесі жылы өтетін сайлаулардың, сондай-ақ елдегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды қамтитын кешенді құжат. Аманат партиясы мемлекет басшсының бүгінгі Жолдауын толық қолдайды және Президенттің қоғамдық тірегі ретінде оны жүзеге асыруға ат салысатын болады. Біз бүкіл қоғамды осы игілікті іске жұмылып, мемлекет басшысының маңайына топтасуға шақырамыз. Біздің болашағымыз бір, тағдырымыз ортақ. Ол - Жаңа, әділетті Қазақстанды құру.