Ел тұрғындары Жолдауды жылы қабылдады

Себебі Президент көптің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді шешудің жолдарын атады.

Сонымен қатар азаматтардың тұрмысын арттырып, ел экономикасына екпін беретін бағыттарды да айқындап берді. Қарапайым халықтың да күткені - осы. 

Балалардың жәрдемақысын 1,5 жасқа дейін созу және жастарға әсіресе гранттың бөлуін 70 пайызға көтеру деген сияқты. Және мынау шағын орта бизнесті көтеруге ықпалд жасап жатқанның бәрі көңілді қуантатындай жағдай.

- 1,5 жылға көтергені дұрыс деп есептейміз. Памперісіне, несіне кішкене болса да көмек.

- 61 жасқа дейін қысқарту бұл әйел адамға жасалған үлкен мүмкіндік деп білем.

- Президенттік бір рет ғана сайлану деген дүние маған қатты ұнады. Өйткені бір президенттің мемлекетте ұзақ отыра беруі ол мемлекетке аса бір жақсы дүние әкеле бермеуі мүмкін.

- Доғдарға көріну, емделу мәселелері халыққа шамалы қолжетімсіз болып жатқан мәселелер бар. Бізге айтады жаңағы сіздер сақтандырылғансыздар дейді. Білмеймін, сол жағында да кемшіліктер бар сияқты.