Қазақстан жаңа логистика жолын құруда елеулі еңбек атқарып келеді – Р.Гусейнов
Қазақстан жаңа байланыстар, логистикалық жолдар құруда елеулі еңбек атқарып келеді.
Әзербайжан сарапшысы Ризван Гусейновтың бұл жұмысы Ұлы Жібек жолының қалпына келуіне әкеледі. Кезінде осы жол бойында орналасқан барлық мемлекеттердің экономикаларының қозғаушы күші болатын.
Ризван Гусейнов, Кавказ тарихы орталығының директоры:
- Қазір экономикалық байланыс орнатуда жаңа логистикалық жолдарды құрып, оны бақылай алатын елдердің жолы болмақ. Қазақстан осы үрдісті қозғаушы күштің бірі. Яғни энергокөлік транзиты бар логистикалық жолдарды салып жатыр. Бұл түркі мемлекеттерінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтіруге жол ашады. Өйткені түркі елдерінің ынтымақтастығы экономикаға негізделген.