«Ауыл» партиясы Жолдауды қолдайды
Ауылдың жағдайы ойлантады. Инфрақұрылым, мектеп, амбулатория мәселелері және жұмысссыздық.
Жайылымдық жерлердің дауы тағы бар. Ал кешегі жолдауда айтылған бастамалар осы қордаланған мәселерді шешуге мүмкіндік береді. Дәл осы себеппен "Ауыл" партиясы мемлекет басшысының жолдауын қолдайтынын мәлімдеді. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында партия мүшелері жолдауды жан-жақты талқылап, оны тиімді орындаудың тетіктерін қарастырды. Олардың айтулынша, қазір партия аграрлық салаға серпін беретін бастамаларды жүзеге асыруға дайын.
Әли Бектаев, «АУЫЛ» ХДП партиясының төрағасы:
- Медицина дамыту мен білім саласын дамытуға қатысты мәселелер тікелей ауылдық елді мекендерге тиесілі ғой деп есептейміз. Себебі ертеңгі бастама бойынша салынайып деп отырған 650 медицина мекемелерінің, одан кейін 32 аудландық аурухананың көпшілігі негізіне ауылдық елді мекендерде салынатын болады. Апаттық жағдайдағы мектептердің көпшілігі сол ауылда орналасқан.