Түркияда алапат орман өртінен 13 адам қаза тапты. Олардың 10-ы құтқарушылар мен орман қызметінің мамандары. Ресми деректерге сәйкес ел аумағында 76 өрт ошағы тіркелді.
Атырауда электр желілерінің 25% тозған. Биыл тарифтен түскен және ел қазынасынан бөлінген қаражат көмегімен қосалқы стансалар жөнделіп, бағандар жаңартылады. Жалпы ұзындығы 66 шақырым желі жөнделеді.