Өзбекстан астанасында орналасқан Қазақстан елшілігі жанындағы референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де жұмысын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Алматы облысындағы Үлкен ауылының тұрғындары да конституциялық құқықтарын пайдаланып, ел үшін аса маңызды шешім қабылданатын жалпыұлттық референдум күнінде өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.