378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қаңтар айында ҰБТ тапсыруға 35 838 оқушы өтініш берген

  • 435
  • UPD: 07:17, 15.01.2019
Қаңтар айында ҰБТ тапсыруға 35 838 оқушы өтініш берген

Қаңтардың 18-20 аралығында республика бойынша ақылы Ұлттық біріңғай тестілеу өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құны – 2242 теңге. Тест тапсырамын деген талапкерлердің өтінімдері желтоқсанның 1 мен 15 аралығында қабылданған. Қаңтар айында ҰБТ тапсыруға 35838 адам өтініш берді. Олардың 3268-і – жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде оқитын бірінші курс студенттері, ал 29789-ы 11 және 12 сынып оқушылары.

ҰБТ-ның жылына 4 рет өтуі түлектерге өз күшін сынап, дайындықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Ал алғашқы тестілеуді сәтсіз аяқтап, бірақ шартты түрде жоғарғы оқу орнына түскен студенттердің жағдайы бөлек. Егер олар осы жолы да 50 балл жинай алмаса, оқудан шағарылады. Айта кету керек, маусым-шілде айларында ҰБТ тапсырғандар ғана мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы 98 698 түлек ҰБТ тапсырған. Олардың 84 065-і 50 балдан жоғары жинаса, 14 633 түлек шекті межеден өтпеген. Жалпы соңғы екі жыл қатарынан елімізде 14 мыңға жуық мектеп бітіруші ҰБТ-да шекті балл жинай алмай қалған.

Телеканал Хабар 24