Ресейдегі Орал таулары мен Сібір аймағында орман өртеніп жатыр.
Қазірдің өзінде Свердловск облысында 54 мыңнан астам гектар отқа оранған. Тілсіз жаумен күресуге 4800 өрт сөндіруші тартылған. Оларға сондай-ақ 6 мыңдай ерікті көмектесіп жүр. Осы өңірге көршілес жатқан Қорған облысында 300-ден астам тұрғын үй мен 3900 ғимарат күлге айналды. Өңір басшысы өрт салдарынан бірнеше адамның опат болғанын хабарлады. Ресейдің Орман шаруашылығы жөніндегі агенттік төрағасы Иван Советников тілсіз жауды 2-3 күнде еңсереміз деп отыр.
