Қазақстандағы пияздың 75%-і Жамбыл облысында өседі

Сіз пияздың қандай түрін білесіз? Бонус, манас және стардас дегенді естуіңіз бар ма? Иә, атауына қарап импорт па деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ бұның бәрі Қазақстан топырағында өсетін пияздың сорты. Мамандар олар алыс-жақын елдерде жоғары сұранысқа да ие дейді. Себебі өте дәмді.