Мәдениетке саяхат. «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерттер желісі қайта жанданды

«Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерттер желісі қайта жанданды. Кезекті кеш «Qazaqstan» орталық концерт залында өтті. Елордалық өнер сүйер қауымға музыканттар  италиялық композитор Отторино Респигидің скрипкаға арналған №1 концертін ұсынды. Кеште орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетін белгілі италиялық скрипкашы Эдоардо Зоси де өз өнерін ортаға салды.