Мәдениетке саяхат. «Астана Опера» театры өнер сүйер қауымға ерекше концерт берді

«Астана Опера» театрының өнерпаздары «Сегіз жыл мезгілі» атты ерекше концерт өткізді. Жоба авторы маэстро Абзал Мұхитдинов. Шарада Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» топтамасы мен Астор Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» төрт танго-композициялары орындалды. Сондай-ақ, елордалық өнер сүйер қауым алғаш рет италиялық дирижёр Маурицио Бенинидің «Легенда Азельди» шығармасын тыңдады.