Қ. Тоқаев пен С. Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Бұдан бөлек, концертте «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге ғажайып көңіл күй сыйлады. Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, бауырлас екі елге кең тараған әндер мен күйлер орындалды.