Бірқатар облыста ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді
Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Павлодар облысында минус 43-ке дейін аяз, ал Ақмола облысы мен Қарағанды облысында сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендейді. Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында да тұман түседі.