І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жаңа министрліктер құру туралы бастаманы қолдады

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы Мемлекет басшысының жаңа министрліктер құру туралы бастамасына қолдау білдірді.

Өйткені мұхитқа шығатын жолы жоқ біздің еліміз үшін көлік логистикасы маңызды саланың бірі. Батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстырып, достық қарым-қатынас пен сауда-саттықты арттыру ісі көлік логистикасы арқылы жүзеге асады. Осы орайда 4 мың шақырымнан астам жол жасалып, ескі су арналары қайта қалпына келтіріледі. Оған қосымша бірнеше жаңа канал салынады.

Жайық Тазабекұлы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ғылыми білім беру орталығының директоры:

- Әлемдік деңгейде ғалымдардың барлығы күні бүгінге дейін дабыл қағып жатыр болашақта бізде су тапшылығы болатындығын айтып. Сондықтан да сол су тапшылығының алдын алу мақсатында осылай арнайы министрлік құрылып, соған арнайы жұмыстар тапсырылды. Қателеспесем, 20-ға жуық жаңа каналдар салу, 15-ке жуық каналдарды жөндеуден өткізу деген сияқты. Соларды естіп, біз бір шетінен қуандық.