Еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады

Еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады

Бүгін еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің екпіні күшейіп, кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді.

Ал Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстарында тұман түседі. «Ақмола облысында да жел күшейіп, көктайғақ болады», - дейді синоптиктер. Сондықтан, жол қозғалысы қиындауы мүмкін. Қызылорда облысында алдағы 3 күн бойы қатты жел болады. Ал батыста Ақтөбе мен Оралда қалың тұман болады деп күтіліп отыр. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары 10 өңірге дауылды ескерту жариялады.