Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақпарат

«Қазгидрометтің» болжауынша ертең, 12 наурызда кей өңірлерде көктайғақ болып, күшті жел тұрады.

Ақтөбе облысының солтүстігінен, солтүстік-шығысынан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыс орталығында тұман түседі. Қызылордада тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде боран соғады. Облыстың батысында тұман күтіледі, сондай-ақ оңтүстік-батысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.