Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
PrimaMedia

Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Бірқатар аймақта жауын жауып, жел күшейеді. Тұман түседі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Синоптиктердің болжауынша, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін көтеріледі.

Алуа Саханова, Қазгидромет РМК инженер-синоптигі:

-Циклонның әсерінен батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура 17-28 градус аязға дейін төмендейді.