Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады
Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Синоптиктердің болжамы бойынша кей жерлерде, секундына 23-28 метр жылдамдықта екпінді жел соғады. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Дегенмен ел аумағы бойынша күн жылына бастайды.